Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті Apple 9 қыркүйекте жаңа iPhone-дарды таныстырады Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті Apple 9 қыркүйекте жаңа iPhone-дарды таныстырады Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

    Амангелді Сейітхан рухына тағзым: Семейде республикалық турнир өтті

    Амангелді Сейітхан рухына тағзым: Семейде республикалық турнир өтті

    Фото: Абай облысының әкімдігі

    Семей қаласында БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан ұйымдастырылған, қазақ спорт журналистикасының көрнекті өкілі Амангелді Сейітханды еске алуға арналған дәстүрлі республикалық «Seitkhan Cup» турнирі өз мәресіне жетті. Биыл бесінші рет өткен дүбірлі дода алғаш рет Амангелді Сейітханның туған жері – Абай өңірінде ұйымдастырылды. Турнирдің өтуіне Абай облысының әкімдігі ұйытқы болды, деп хабарлайды 24KZ-ке сілтеме жасаған QazaqToday.info,

    Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған белгілі спорт комментаторының рухына тағзым етуге арналған жарыстың негізгі мақсаты – БАҚ өкілдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және әріптестер арасындағы достық байланысты нығайту.

    Биылғы турнирге еліміздің 6 облысы мен 4 қаласынан келген 12 команда қатысты. Атап айтқанда, «Хабар», Qazaqstan TV, «Абай облысы», Aqmeshit, «Атырау», Kazmedia, Qareket, «Семей», Setanta, «Тараз Пресс», «Шымкент» және Bek Sport командалары өзара бақ сынады.

    Жарыс барысында тартысты кездесулер өтіп, командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша Абай облысының құрамасы финалда Астана қаласының «Kazmedia» командасымен кездесіп, пенальти сериясында басым түсті. Осылайша жергілікті команда чемпион атанып, бас жүлдені жеңіп алды.

    Екінші орын «Kazmedia» командасына бұйырса, үшінші орынды Жетісу облысының «Qareket» командасы иеленді.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы қаржылай сыйақылар табысталды.

    Атап айтқанда, бірінші орын иегерлеріне 2 миллион теңге, екінші орынға – 1 миллион теңге, ал үшінші орынға 500 мың теңге берілді.

    Сонымен қатар турнир барысында ерекше өнер көрсеткен ойыншылар «Үздік сұрмерген», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Құрмет» және «Жеңіске деген жігері үшін» номинациялары бойынша марапатталды.

    Турнирдің жабылу салтанатында сөз сөйлеген Абай облысының әкімі Берік Уәли жарысқа қатысқан барлық командаларға алғыс білдіріп, мұндай тағылымы мол турнирлердің маңызын ерекше атап өтті.

    – Бүгінгі жарыс өте жоғары деңгейде өтті деп есептейміз. Алаңдағы тартысты ойындардың өзі соның дәлелі. Семей жерінде турнирдің көрігін қыздырған барлық командаларға облыс жұртшылығы атынан алғыс айтамын, – деді аймақ басшысы.

    Айта кетейік, Амангелді Сейітхан көзі тірі болғанда биыл 57 жасқа толар еді. Қазақ спорт журналистикасында өшпес із қалдырған тұлғаның есімі ел жадында мәңгі сақталмақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →