Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Ақтөбеде ауыл әкімі өз-өзіне қол салды

    Ақтөбеде ауыл әкімі өз-өзіне қол салды

    Фото: temirnews.kz

    Кеңқияқ ауылының әкімі Қуанышбек Серікжановтың өлімінен кейін тергеу жүріп жатыр. Полиция өзге ақпаратты таратпады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі Қуанышбек Серікжанов суицид жасады. Ақтөбе қаласының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

    — 1983 жылы туған ер адамның қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қуанышбек Серікжанов 4 мамыр күні жұмыстан шығатынын айтып, арыз жазған. 5 мамыр күні арызы қабылданып, жұмыстан босатылған.

    Қуанышбек Серікжанов 2014 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. 2023 жылдың мамыр айынан Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2023 жылғы 15 қазаннан бастап Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады.

    Айта кетейік, былтыр Темір қаласында да әкім суицид жасады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →