Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Соғыс аймағындағы 14 қазақстандықты алып шығу жоспарланған • Олжас Бектенов Балқаш қаласындағы жүйе құраушы кәсіпорындар жұмысымен танысты • Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Соғыс аймағындағы 14 қазақстандықты алып шығу жоспарланған • Олжас Бектенов Балқаш қаласындағы жүйе құраушы кәсіпорындар жұмысымен танысты • Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? •

    Бас прокуратура қазақстандықтарға қауіпті дипфейк видеоға байланысты ескерту жасады

    Бас прокуратура ақша қайтаруды уәде ететін жасанды интеллект арқылы жасалған жалған видеодан сақтануға шақырды. Интернет-алаяқтардың жаңа тәсілі.

    Бас прокуратура қазақстандықтарға қауіпті дипфейк видеоға байланысты ескерту жасады

    Сурет: tengrinews.kz

    Бас прокуратура интернетте тараған қауіпті видеороликке байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. 240 мыңнан астам қаралым жинаған видеода мемлекеттік органның атынан азаматтарға ақшалай қаражатты қайтаруға көмек уәде етіледі. Бұл – жасанды интеллект технологиясы арқылы жасалған дипфейк видео деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қадағалаушы органның мәліметінше, «Право Онлайн I Консультации и Поддержка» деп аталатын видеоролик азаматтарды адастыру және олардың ақшасын иемдену мақсатында жасалған. Сондай-ақ видеода шын мәнінде жоқ «Инвестицияларды бақылау агенттігі» деген құрылымның аты аталады. Бас прокуратура Қазақстанда мұндай мемлекеттік органның тіркелмегенін атап өтті.

    «Мұндай материалдарда құқық қорғау және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің бейнесін пайдалану – азаматтардың алаяқтық схемаларға деген сенімін арттыру тәсілдерінің бірі», – деп ескертті ведомствода. Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі аталған факті бойынша тексеру жүргізуде. Құқық қорғау органдары видеоны жасауға және таратуға қатысы бар тұлғаларды анықтап, оларды жауапкершілікке тарту шараларын қарастырып жатыр.

    Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ақпаратқа сыни көзбен қарауға шақырады. Ведомство күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерді немесе ақшаны бейтаныс тұлғаларға бермеуге кеңес береді. Мемлекеттік органдар мессенджерлер немесе бөгде онлайн-платформалар арқылы қаражатты қайтару қызметін көрсетпейді. Осындай жағдайларға тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына немесе 102 нөміріне хабарласу қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →