Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазгидромет» 22 қазанда үш қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Атырау трагедиясының құрбаны Ақбаян Сапарғалиева алғаш рет сұхбат берді • Ақтауда шетелдік азаматтың зорлығы: әйелдің тісін сындырып, шашын қырқып тастады • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • «Қазгидромет» 22 қазанда үш қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Атырау трагедиясының құрбаны Ақбаян Сапарғалиева алғаш рет сұхбат берді • Ақтауда шетелдік азаматтың зорлығы: әйелдің тісін сындырып, шашын қырқып тастады • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді •

    67 атыс қаруы: Алматыда Сайран жағалауынан қару-жарақ табылды

    67 атыс қаруы: Алматыда Сайран жағалауынан қару-жарақ табылды

    Фото: polisia.kz

    «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері қару-жарақ тапты, деп хабарлайды «24kz-ке» сілтеме жасаған QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    ҚР ІІМ мәліметінше, қару бұған дейін жаппай тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған. Жыл басынан бері 900-ден аса қару тәркіленген, оның ішінде жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған 74 қару бар.

    Сондай-ақ айналымнан төрт мыңнан аса оқ-дәрі алынған. 27-29 сәуір аралығында өткен жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде 67 дана атыс қаруы және түрлі калибрдегі 200-ден аса оқ-дәрі тәркіленген.

    «Ішкі істер министрлігі ескертеді: заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады. Азаматтарды заңсыз сақталған қаруды тапсырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға шақырамыз», — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →