«Көрмес түйені де көрмес»: Тиелген түйе жүк көлігінен секіріп кетті

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардың бірінде тиелген түйе жүріп келе жатқан жүк көлігінің  үстінен секіріп кетті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
 
Бұл бейнежазба желі қолданушылар арасында қызу талқыға түсті. Кадрлардан жүк көлігінің үстіне тиелген түйенің қозғалыс кезінде кенеттен орнынан атып тұрып, жол үстіне секіріп түскені байқалады.

Желі қолданушылары бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, жануарларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

«Көрмес түйені де көрмес», «Жүргізуші тоқтамай ма? Қалай байқамайды?!», «Жануар мертігіп қалды-ау», «Салмақпен қатты түсті», «Көлікті аударып жібермегеніне шүкір», «Аяп кеттім ғой», «Ережені сақтау керек»,– деп жазды көпшілік.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика