Астанада шампан атып, тренд видео түсірген екі әйел жауапкершілікке тартылды

Астанада әлеуметтік желіде трендке айналған бейнежазбаны түсіріп, қоғамдық орынды ластаған екі әйел жауапқа тартылды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. 

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде шампан атып, трендке сай видео түсіріп жүргендердің саны көбейген. Қоғамдық орынның тәртіп нормаларын ескермеген жағдайда  міндетті түрде әкімшілік жаза қолданылады.

«Елордада “Бәйтерек” монументі маңында қала тұрғыны алкогольдік ішімдікті ашып, оның ішіндегісін төгіп, аумақты ластаған. Тағы бір жағдайда қыз орындықта отырып, сусынды әдейі төгіп, қоғамдық кеңістіктің тазалығын бұзған», – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттер заң бұзушылық болып саналатынын, коммуналдық қызмет жұмысшыларына және қала тұрғындарына құрметсіздік таныту деп ескертті.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика