Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Чехия Премьері Қазақстанды стратегиялық серіктес санайтынын айтты

    Чехия Премьері Қазақстанды стратегиялық серіктес санайтынын айтты

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтудың әлеуеті мол екеніне тоқталды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    – Екіжақты саяси ынтымақтастық пен экономикалық қарым-қатынастың болашағы зор деп санаймын. БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы миссияларымыз тығыз жұмыс істеп, диалогты тұрақты түрде сақтап келеді. Көптеген бағыт бойынша байланыстарымызды дамытуға мүмкіндік жеткілікті, – деді Мемлекет басшысы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Чехияның сындарлы әрі прагматикалық сыртқы саясатына жоғары баға берді. Президенттің айтуынша, екі ел арасындағы саяси диалог сан қырлы серіктестікке қолайлы жағдай жасайды. Парламентаралық ықпалдастық қарқынды дамып келеді.

    Мемлекет басшысы Чехия Қазақстанның Еуропа Одағындағы негізгі сауда серіктестерінің бірі екеніне назар аударды.

    – Тауар айналымының динамикасы көңіл көншітерліктей. Әрине, біз алдағы уақытта да сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ниеттіміз. Бүгінде елімізде 190-нан астам чех компаниясы жұмыс істеп жатыр, соның ішінде Škoda, Omnipol, Tatra және ZVVZ секілді маңдайалды кәсіпорындар мен басқа да өндіріс саласындағы сенімді әріптестеріміз бар. Бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Өз кезегінде Андрей Бабиш бүгінгі сапар екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын айтты.

    – Біз Қазақстанды стратегиялық серіктес санаймыз. Бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты тауар айналымының көлемін арттырамыз деп сенемін. Ең алдымен, энергетика саласындағы ықпалдастықты нығайтқымыз келеді. Сіздің елден ұзақ мерзімді мұнай тасымалына мүдделіміз. Энергетика саласын дамыту стратегиямыз атом энергиясына арқа сүйейді. Сондықтан Қазақстанға әлемдегі уран өндіретін ірі мемлекет ретінде де қызығушылық танытамыз, – деді Чехия Премьер-министрі.

    Чех Үкіметінің басшысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі қуат өндірудің әртараптандырылған тәсіліне негізделгеніне мән берді.

    Сондай-ақ ол чех компанияларының аталған салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.

    Андрей Бабиш Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа Конституция қабылдау бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтап, бұған мемлекеттілікті нығайтатын және елді жарқын болашаққа жетелейтін маңызды қадам ретінде баға берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →