Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Шымкент тұрғыны заңсыз онлайн-казино ұйымдастырып, 2,8 млрд теңге тапқан

    Шымкент тұрғыны заңсыз онлайн-казино ұйымдастырып, 2,8 млрд теңге тапқан

    Фото: Pixabay

    Шымкентте онлайн-казино ұйымдастырған азамат 2,8 млрд теңге заңсыз пайда тапқаны үшін 4 жылға нақты бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Шымкент тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған: оның бақылауымен мобильді қосымша арқылы қолжетімді покер клубы түріндегі онлайн-казино жұмыс істеген. Қылмыстық әрекет оған аса ірімөлшерде заңсыз кіріс әкелген.

    Бірінші сатыдағы сот Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолдана отырып, бас бостандығынан айыру жазасын шарттытүрде тағайындаған. Заңсыз алынған қаражатты тәркілеу мәселесі шешімін таппаған.

    «Бас прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық сот шартты түрдесотталуды жойып, 4 жылға нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мемлекет пайдасына 2,8 млрд теңге – онлайн-казинодан түскен заңсыз кіріс өндірілді», – делінген прокуратура хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →