Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    «Әруақты қорлау»: ШҚО-да сүйек шашылған жерге аурухана салынбақ

    «Әруақты қорлау»: ШҚО-да сүйек шашылған жерге аурухана салынбақ

    Фото: видеодан скрин

    Шығыс Қазақстан облысында даулы құрылыс жұрттың ашуын туғызды. Шемонаиха қаласында аурухана ескі зираттың үстіне салынып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Құрылыс алаңынан адам сүйектері табылғанын тұрғындар өз көздерімен көрген. Айтуларынша, топырақ арасынан ондаған адамның сүйегі шыққан.
    Осыдан кейін халық құрылысты тоқтатуды талап етіп отыр.

    Жергілікті жұрт мұны «аруақты қорлау» деп бағалап, наразылық білдіруде. Ал шенеуніктер сүйектер далада қалмай, қайта жерленетінін айтып ақталды.
    Олардың сөзінше, табылған сүйектердің тарихи құндылығы жоқ.

    Полиция да бұл жағдайды тексеріп, қайта жерлеу керек деген қорытынды жасаған. Дегенмен жұрттың күдігі сейілмей тұр — аурухана расымен дұрыс жерге салынып жатыр ма деген сұрақ ашық қалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →