Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) • Қансонар – 2026: Зеренді де құсбегілік өнерді насихаттау бойынша өткен халықаралық жарыстың жеңімпаздары анықталды • Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты • Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? • Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады • «Жаның жәннатта болсын!»: Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы сынға қалды (ВИДЕО) • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) • Қансонар – 2026: Зеренді де құсбегілік өнерді насихаттау бойынша өткен халықаралық жарыстың жеңімпаздары анықталды • Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты • Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? • Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады • «Жаның жәннатта болсын!»: Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы сынға қалды (ВИДЕО) •

    Абай облысындағы апат: Орлов шахтасында жұмысшы опат болды

    Абай облысындағы апат: Орлов шахтасында жұмысшы опат болды

    Фото: Istock

    Абай облысындағы «KAZ Minerals» тобына қарасты «Востокцветмет» кәсіпорнының Орлов шахтасында тау массасы құлап, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Төтенше жағдай кезінде үйінді астында екі адам қалып қойған.

    Құтқару жұмыстарының нәтижесінде екінші жұмысшы аман табылып, дереу ауруханаға жеткізілді. Оқиғадан кейін бірден арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кірісті. Сондай-ақ «KAZ Minerals» директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук оқиға орнына жеке өзі барды.

    Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Компания қаза тапқан қызметкердің отбасына көңіл айтып, тиісті көмек көрсетуге уәде берді. Сондай-ақ зардап шеккен жұмысшыға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →