Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Отандық джиу-джитсу шеберлері Парижде чемпион атанды

    Отандық джиу-джитсу шеберлері Парижде чемпион атанды

    Фото: Астана қаласының әкімдігі

    Франция астанасы Париж қаласында джиу-джитсудан ересектер арасында өткен PARIS JUJITSU GRAND PRIX 2026 (JJIF Grand Prix) халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Әлемнің 28 елінен жиналған 550 спортшы бақ сынаған байрақты бәсекеде елордалық саңлақтар ел абыройын асқақтатты.

    Бұл жарыста ел намысын қорғаған Астана қаласының екі спортшысы жоғары нәтиже көрсетіп, Париж төрінде топ жарды.

    Атап айтқанда, жарыстың алғашқы күні 56 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Бекзат Казтаев қарсыластарының бәрінен басым түсіп, чемпион атанды.

    Ал жарыстың екінші күнінде 85 келі салмақ дәрежесінде белдескен Мерей Кабдуллаев та жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, алтын жүлдені қанжығасына байлады.

    Осылайша, жаттықтырушы Арманжан Рузахунов баптайтын елордалық қос спортшы Париж төрінде ел абыройын биіктетті.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →