Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    Әкімдікті бопсалаған блогер 5 жылға сотталды: ол 10 млн теңге талап еткен

    Шымкентте әкімдік қызметкерінен 10 млн теңге бопсалаған блогер 5 жылға сотталды. Ол әкімдік туралы жағымсыз ақпарат таратамын деп қорқытқан.

    Әкімдікті бопсалаған блогер 5 жылға сотталды: ол 10 млн теңге талап еткен
    file_864.jpg

    Шымкентте қала әкімдігінің қызметкерінен 10 миллион теңге бопсалаған блогерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Сот материалына сәйкес, блогер өткен жылдың қазан айында әлеуметтік желіде Шымкент әкімдігінің беделіне нұқсан келтіретін жазба жариялаған. Осыдан кейін ол әкімдік өкілінен 10 миллион теңгеге ақпараттық мемлекеттік сатып алу шартын жасасуды талап еткен.

    Егер шенеунік бұл талаптан бас тартса, блогер әкімдіктің қызметі туралы жағымсыз ақпаратты интернетте таратамын деп қорқытқан. Нәтижесінде 6 қарашада ол 990 000 теңге алған.

    Сотта айыпталушы кінәсін ішінара мойындап, өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады.

    Сот блогерді бопсалау бабы бойынша кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар оған осы мерзімге БАҚ-қа қатысты қызметпен айналысуға тыйым салынды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Осыған ұқсас жағдай сәуір айында Қостанай облысында да тіркелген. Ол кезде блогер Миршат Сәрсенбаев аса ірі мөлшерде ЖШС-дан ақша бопсалағаны үшін сотталған еді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →