Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева келініне су жаңа көлік мінгізді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Танымал коуч отбасы үшін қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ақынның келіні 26 жасқа толып жатыр. Ол сондай-ақ жазбасында келініне ақ тілегін арнады.
“Осындай қызды өсірген құда-құдағиға мың алғыс! Бағың бес елі болсын алтыным! Үбірлі-шүбірлі бол, аяулы ана, сүйікті жар болып бақытты бол! Ұлым екеуің қол ұстасып бірге жүр! Біз сені өте жақсы көреміз”, – деп жазған ол.
