Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды

    Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды

    Фото: gov.kz

    Бұл туралы қаруды жасырған адамның өзі айтып берген, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өңірлік департаментіне сілтеме жасап.

    Ресми мәлімет бойынша, 13 сәуірде №79 мекеменің жедел бөлімі Атырау облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізген.

    Ер адамның ерікті түрде берген мәлімдемесінен кейін заңсыз сақталған аңшы мылтығы мен 12 калибрлі 5 оқ табылған. Ер адам қаруды зиратта жасырған.

    Қару мен оқ-дәрілер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тәркіленді.

    Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →