Фото: Pixabay
Өскемен қаласында Шәкәрім даңғылындағы трамвай аялдамаларының бірінде ер адам қайтыс болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшері «102» арнасына 16 сәуір күні шамамен сағат 15:00-де хабарлаған.
Дәрігерлердің айтуынша, 1970 жылы туған ер адам қоғамдық көлік аялдамасында жедел жәрдем келгенге дейін кенеттен көз жұмған.
«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Қажетті тексеру шаралары жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады полиция.
