Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды •

    «Бір литр сүт 14 млн тг, балалар күртешесі 1,6 млн тг»: аудандық білім басқармаларының былығы анықталды

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері Шиелі аудандық білім бөлімі бағасы 14 миллион теңгеден асатын бір литр табиғи сүт сатып алуды жоспарлағанын анықтады, деп хабарлайды Qazaq.Today басылмы Azattyq Rýhy сілтеме жасап.

    Агенттіктің тексерісінен кейін сүт бағасы 223 теңгеге дейін төмендетілген.

    Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлованың айтуынша, бұған қоса, Қармақшы ауданының №275 орта мектебі балаларға 1 млн 670 мың 143 теңгенің күртешесін сатып алуды жоспарлағаны анықталды. Жалпы 208 миллион теңгеден аса сомаға 125 күртеше сатып алу жоспарланған. Ұсынысқа сәйкес тауар құны 16 701 теңгеге дейін төмендетілген. Жалпы сатып алу сомасы 2 миллион теңгеден асты. 206 680 197 теңге көлеміндегі мемлекеттік қаражат қайтарылды.

    «Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес дизель отынының литрі 230 теңгеден, ал АИ-92 маркалы бензин бағасы 182 теңгеден аспауы тиіс. Мемлекеттік сатып алу лоттарын қайта қарау туралы ұсыныстардың қорытындысы бойынша 38 243 349 теңге сомасында бюджет қаражаты үнемделді», — дейді Ғ.Әлімқұлова.

    2022 жылғы екі айдың қорытындысы бойынша 17 мекемеге жіберілген ұсыныстар нәтижесінде жалпы сомасы 351 230 304 теңге бюджет қаражаты үнемделген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →