Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Бірнеше мемлекетте коронавирустың «цикада» деген түрі тіркелді

    Бірнеше мемлекетте коронавирустың «цикада» деген түрі тіркелді

    Фото: Pixabay

    «Цикада» деп аталған штамм АҚШ-та, Гонконгта, Мозамбикте және Ұлыбританияда тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақытта 23 елде анықталған, қатты мутацияға ұшыраған Covid-19 штамына қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Бұл штамм басқа түрлеріне қарағанда қауіпті деген нақты дәлелдер жоқ болғанымен, сарапшылар оның балалар арасында ересектерге қарағанда жиірек таралуы мүмкін екенін атап өтті.

    BA.3.2 штаммы «Цикада» деп аталды, өйткені ол алғаш анықталғаннан кейін әлемнің кейбір бөліктерінде ұзақ уақыт «ұйқы» күйінде болған  бұл жер астында ұзақ уақыт ұйықтай алатын жәндікке ұқсас.

    Өткен айда АҚШ-тың мемлекеттік мекемесі – Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы бұл штамның 25 штатта анықталғанын хабарлады.

    Хабарламада BA.3.2 штаммы төрт саяхатшының мұрнынан алынған талдаулардан, бес науқастан алынған медициналық тексеру нәтижелерінен және ағын сулардың 132 тексерісінен табылғаны айтылған.

    ДДҰ бұл штаммды «бақылаудағы» санатқа енгізді. Ұйымның айтуынша, бұл оның «ерекше назар аударуды қажет етуі мүмкін» екенін білдіреді. Қазіргі уақытта мамандар оның жаһандық денсаулыққа қауіп төндіре ме, соны анықтап жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →