Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Жалғас Жұмағұлов қырғыз файтерді бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді

    Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов Алматыда өткен IBA Nomad 14 турнирінде қырғызстандық Кайрат Нұрбай ұлын бірінші раундта нокаутпен жеңді.

    Жалғас Жұмағұлов қырғыз файтерді бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді

    Қазақстандық танымал файтер Жалғас Жұмағұлов Алматыда өткен IBA Nomad 14 турнирінде кезекті жарқын жеңісіне қол жеткізді. Ол қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутпен сұлатып салды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Алматыдағы жарыстың негізгі кардында Жұмағұлов Қырғызстаннан келген 26 жастағы Кайрат Нұрбай ұлымен кездесті. Аса жеңіл салмақтағы айқас Жұмағұловтың мерзімінен бұрын тойлаған айқын жеңісімен аяқталды.

    Бұл – Жұмағұловтың Nomad ережесі бойынша өткізген алғашқы жекпе-жегі. Бұл формат бокс пен ММА элементтерін біріктіреді: спортшылар ММА қолғабымен жұдырықтасады, сондай-ақ қысқа уақытқа клинчке тұруға және қармау әдістерін қолдануға рұқсат етілген.

    Енді Жалғас Жұмағұлов келесі маңызды айқасын 6 маусымда Словакияның Братислава қаласында өткізеді. Ол Еуропалық Oktagon лигасында аса жеңіл салмақтағы титул иегері бразилиялық Севериньомен жұдырықтасады. Бұл кездесудің жеңімпазы қос чемпион атанады.

    Фото: 1bol.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →