Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетін болды

    Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетін болды

    Фото: Ақорда

    Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    «Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі», – деді Президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай «қайта құруға» жол ашады.

    «Бұл ретте біз жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етуге тиіс. Мен мұның маңызы жөнінде бірнеше рет айттым», – деді Президент.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →