Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Балалар арбасына дәрет сындырған алматылық курьердің кім екені анықталды (ВИДЕО)

    Балалар арбасына дәрет сындырған алматылық курьердің кім екені анықталды (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Алматы қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тұрған балалар арбасына өтіп бара жатқан курьер дәрет сындырып кеткен. Полиция қызметкерлері курьердің жеке басын анықтады, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

    Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, желі қолданушылары арасында резонанс тудырды.

    Агенттік тілшісі оқиға бойынша Алматы қаласының Полиция департаментіне сауал жолдап, мынандай жауап алды:

    «Алматы қаласының Полиция департаменті қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған құқыққа қайшы әрекетке байланысты Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізгенін хабарлайды. Ер адамның жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтап, ұстау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Нәтижесінде оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Мұндай фактілерге жол беруге болмайды, олар қоғамдық тәртіп нормаларын өрескел бұзады және азаматтардың орынды наразылығын тудырады», – делінген агенттік тілшісіне берген жауабында.

    Алматы полициясы тұрғындарды қарапайым мінез-құлық қағидаларын сақтауға және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →