Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті •

    Жәнібек Әлімханұлы экс-қарсыласымен қайта жұдырықтасуы мүмкін

    Жәнібек Әлімханұлы экс-қарсыласымен қайта жұдырықтасуы мүмкін

    Сол кезде оның қарсыласы британдық Дензел Бентли болуы тиіс. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Айта кетейік, допинг дауынан соң бір жыл спорттан шететтілген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) Дензел Бентлимен 2022 жылдың қараша айында жекпе-жек өткізді. «Qazaq Style» сонда төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

    4 сәуір күні Бентли Лондонда өткен бокс кешінде венесуэлалық Эндри Саавердамен (17-2-1, 14 КО) шаршы алаңға шықты. Жетінші раундта британдықтың ауыр соққыларынан кейін бас төреші жекпе-жекті жедел тоқтатып, техникалық нокаут тіркеген еді.

    Осылайша, Дензел Бентли WBO тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы атағына қол жеткізді. Ол енді толыққанды чемпион титулын иемдену үшін Жәнібек Әлімханұлымен кездесуі керек.

    Қазақ боксшысының дисквалификация уақыты биыл желтоқсанда аяқталады деп күтілуде. Жәнібек Әлімханұлының 2025 жылы Эрисланди Ларамен жекпе-жек алдында допинг қолданғаны белгілі болды. Сол үшін әлемдік бокс қауымдастықтары оны жазалап, IBF чемпиондық белбеуін алып қойды, ал WBO оны бір жылға спорттан шеттетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →