Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты

Қазақстанда психологтарды коуч деп атау ұсынылды: жаңа ереже

Қазақстанда психологтардың бірыңғай тізілімі жасалып, жаңа кәсіби стандарт енгізіледі. Психотерапевт Анар Қаражанова кей мамандарды коуч деп атауды ұсынды.

Қазақстанда психологтарды коуч деп атау ұсынылды: жаңа ереже
file_770.jpg

Қазақстанда психологтардың бірыңғай тізілімі құрылып, олардың қызметіне қатысты жаңа кәсіби стандарт әзірленеді. Бұдан былай мамандар жұмыс бастар алдында клиенттен ақпараттандырылған келісім алуға және қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасуға міндеттеледі, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл өзгерістердің қалай жүзеге асатыны және мамандарды даярлау ісінде нені өзгерту қажет екені туралы жоғары санатты психотерапевт Анар Қаражанова өз пікірін білдірді. Сарапшының айтуынша, психологиялық кеңес беретін барлық маманды бір санатқа жатқызуға болмайды.

«Егер өзін-өзі жұмыспен қамтыған психологтар отбасы, әлеуметтік бейімделу сияқты мәселелер бойынша кеңес берсе, онда «жаңа дүние ойлап табудың» қажеті жоқ деп ойлаймын. Бүкіл әлемде мұндай адамдарды коуч деп атайды», — дейді маман.

Осылайша, Қаражанова нарықтағы психологиялық қызметтерді нақты жіктеп, әрқайсысының өз стандартын бекіту маңызды екенін атап өтті. Бұл азаматтарды сапасыз қызметтен қорғауға және осы салаға деген сенімді арттыруға септігін тигізеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →