Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті •

    Елімізде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан әлем чемпонаты өтеді

    Елімізде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан әлем чемпонаты өтеді

    Фото:Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстан тарихында алғаш рет жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

    World Athletics кеңесінің 240-отырысының қорытындысы бойынша, 2030 жылғы дода Астана қаласында ұйымдастырылатын болды. Жарыс 15–17 наурыз аралығында өтпек.

    Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Асхат Хасенов бұл шешімді отандық спорт үшін маңызды жетістік ретінде бағалады.

    «Бұл – жеңіл атлетиканы дамыту жолындағы еңбегіміздің нәтижесі. Чемпионатты жоғары деңгейде өткізуге толық дайынбыз», – деді ол.

    Аталған шешім Торунь қаласында өткен жиында қабылданды. Жиын барысында Себастьян Коу Қазақстан федерациясы өкілдерімен келіссөз жүргізіп, турнирді жаңа нарықтарға шығару стратегиясының маңызына тоқталды.

    Айта кетейік, Астананың мұндай ірі доданы қабылдауына елорданың халықаралық жарыстарды өткізу тәжірибесі ықпал етті. Атап айтқанда, 2023 жылғы Азия чемпионаты мен 2024–2025 жылдардағы World Athletics Indoor Tour Gold кезеңдері.

    2030 жылғы әлем чемпионаты Қазақстандағы жеңіл атлетиканың дамуына жаңа серпін бермек. Федерация бұл мүмкіндікті инфрақұрылымды жетілдіруге, жас спортшыларды даярлауға және ұлттық құраманың әлеуетін арттыруға бағыттауды көздеп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →