Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Трамп Лукашенкоға алғыс жаудырды

    Трамп Лукашенкоға алғыс жаудырды

    Фото: life.ru

    Ақ үй басшысы беларусьтік әріптесімен кездесуге ниетті екенін жасырмады. АҚШ президенті Дональд Трамп Беларусь басшысы Александр Лукашенкоға сотталған 250 адамға кешірім бергені үшін алғыс білдірді. Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде жазба жариялады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Трамп Минскіде өзінің арнайы өкілі Джон Коул мен Лукашенко арасында өткен келіссөздерді еске алды. Оның сөзінше, америкалық тарап бұл келіссөздер барысында жазасын өтеп жатқандарға кешірім жасауға қол жеткізген.

    «Өткен жылдың мамыр айынан бері президент Лукашенконың рақымшылық жасап босатқан тұтқындар саны 500-ден асып отыр. Осы үшін президентке шынайы алғысымды білдіргім келеді», – делінген жазбада.

    Ақ үй басшысы Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында Беларусь президентімен кездесуді «тағатсыздана күтетінін» жеткізді.

    Бейбітшілік кеңесі осы жылдың басында құрылған болатын. Ұйым Газадағы қақтығысты реттеуге ықпал етуі тиіс. Қаңтар айының соңында оған Беларусь те қосылған. Ақпанда өткен алғашқы отырысқа Минск қатыспады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →