Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Жақсылық жасасаң да жазаланасың»: ойын алаңын салған кәсіпкер сот үкіміне пікір білдірді Қостанайдың қиналған халқы: Меңдіқара ауданындағы жолдың сапасыздығы елді шаршатты Шымкенттегі шу: әйелдер гинекологтың қабылдауын айлап күтуге мәжбүр Австралияның тәжірибесі: Қазақмыс тау-кен қазбаларын бақылаудың инновациялық жүйесін сынақтан өткізуде «Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады «Жақсылық жасасаң да жазаланасың»: ойын алаңын салған кәсіпкер сот үкіміне пікір білдірді Қостанайдың қиналған халқы: Меңдіқара ауданындағы жолдың сапасыздығы елді шаршатты Шымкенттегі шу: әйелдер гинекологтың қабылдауын айлап күтуге мәжбүр Австралияның тәжірибесі: Қазақмыс тау-кен қазбаларын бақылаудың инновациялық жүйесін сынақтан өткізуде «Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады

Әскерден босату үшін пара берген ата-аналардың өздері сотталуы мүмкін

Әскери қызметтен босатуға уәде беріп, ата-аналардан 1,2 млн теңге алған медқызметкер ұсталды. Енді пара берген ата-аналардың өздері жазалануы мүмкін.

Әскерден босату үшін пара берген ата-аналардың өздері сотталуы мүмкін
file_741.jpg

Әскерге шақырылушылардың ата-анасынан 1,2 миллион теңгеден астам ақша алып, балаларын әскери қызметтен босатып беруге уәде еткен медицина қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Полицияға үш адам арызданған. Олардың айтуынша, 2023 жылдың соңында өзін медицина қызметкері деп таныстырған белгісіз біреу ұлдарын әскерден алып қалуға көмектесетінін айтқан. Ол әскери қызметке жарамсыз деп тану үшін «қажетті» диагноз қойып беремін деп сендірген. Жәбірленушілер оған жалпы сомасы 1,2 миллион теңгеден астам қаражат берген. Алайда ақшаны алған соң ол уәде етілген медициналық құжатты да бермей, ақшаны да қайтармай, ізін суытқан.

Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті жергілікті медициналық бекеттердің бірінің қызметкері болып шықты. Қазір полиция оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

«Сонымен қатар, тергеу аясында арызданушылардың өз әрекетіне де құқықтық баға беріледі. Себебі әскери қызметтен заңсыз жолмен жалтару әрекеті де жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Әскери қызмет мәселесін ақшамен «шешуге» қатысты кез келген ұсыныс заңсыз болып табылады және мұндайды көбіне алаяқтар жасайды», — деп мәлімдеді полиция.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →