Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Күтпеген шешім: OpenAI өзінің атақты Sora нейрожелісін жауып тастады

    OpenAI компаниясы видео генерациялайтын Sora нейрожелісін жабу туралы күтпеген шешім қабылдады. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.

    Күтпеген шешім: OpenAI өзінің атақты Sora нейрожелісін жауып тастады
    file_722.jpg

    Технология әлемін дүр сілкіндірген OpenAI компаниясы видео жасайтын Sora нейрожелісін жабу туралы шешім қабылдады. Бұл көпшілік үшін күтпеген жаңалық болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, компанияның бас директоры қызметкерлерге Sora негізінде жасалған барлық өнімдер мен әзірлеушілерге арналған API нұсқаларына қолдау көрсету тоқтатылатынын мәлімдеген.

    Sora жобасының X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында да қоштасу жазбасы жарияланды. Онда жоба авторлары өз туындыларымен бөліскен барлық қолданушыға алғыс білдірген.

    «Sora-мен қош айтысып жатырмыз. Оны пайдаланып, контент жасаған және қауымдастық құрған әрбір адамға алғыс айтамыз. Сіздердің туындыларыңыздың маңызы зор болды. Бұл жаңалық көңілдеріңізді қалдырғанын түсінеміз. Жақын арада қосымшаның және API-дің қашанға дейін жұмыс істейтіні, сондай-ақ жасалған жұмыстарды сақтап қалу жолдары туралы толық ақпарат береміз», — делінген ресми хабарламада.

    Әзірге нейрожелінің жұмысы нақты қай күні толық тоқтайтыны белгісіз.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →