Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Кеніштегі жұмысшы өлімі: полиция «суицид», инспекция «оқыс оқиға» дейді

    Ақмола облысындағы "Алтыналмас" кенішінде жұмысшы қаза тапты. Полиция мұны "суицид" десе, еңбек инспекциясы "жазатайым оқиға" деп отыр.

    Кеніштегі жұмысшы өлімі: полиция «суицид», инспекция «оқыс оқиға» дейді
    file_719.jpg

    Ақмола облысы Ақсу қаласында орналасқан «АҚ Алтыналмас» АҚ кенішінен жұмысшының денесі табылды. Оның өліміне қатысты екі түрлі болжам айтылуда: полиция суицид деп болжаса, еңбек инспекциясы жазатайым оқиға ретінде тексереді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қайғылы оқиға туралы Ақмола облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментіне компания заңгері хабарлаған.

    «Аталған жазатайым оқиға фактісі бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті арнайы тергеу тағайындап, оны жүргізеді», — деп хабарлады ведомство.

    Өз кезегінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта жұмысшының өлімінің себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →