Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Шахтинскідегі жарылыс: тұрғындарды құтқарған 5 полицей зардап шекті

    Шахтинск қаласындағы тұрғын үйде газ жарылды. Тұрғындарды эвакуациялап жатқан 5 полицеймен бірге 8 адам ауруханаға түсті. Күдікті ұсталған.

    Шахтинскідегі жарылыс: тұрғындарды құтқарған 5 полицей зардап шекті
    file_705.jpg

    Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, сегіз адам зардап шекті, олардың бесеуі – тұрғындарды эвакуациялап жатқан полиция қызметкері, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 102 пультіне үйде газдың иісі шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақтаушылары құтқарушылар келгенше тұрғындарды сыртқа шығара бастаған. Дәл осы сәтте жарылыс болған.

    Оқиға орнына төрт минутта жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы жоғарғы қабаттардан бес адамды алып шықты. Олар келгенше тұрғындардың бір бөлігі өз бетінше, енді бірін полицейлер эвакуациялап үлгерген. Жарылыстан кейін үй жиһаздары өртеніп, жалпы ауданы 40 шаршы метрді құрады. Тұрғындар үшін жылыту бекеті ұйымдастырылды.

    Жарылыс салдарынан сегіз адам зардап шекті, олардың бесеуі полиция қызметкері екені анықталды. Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.

    «Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 40 жастағы күдіктіні ұстады. Қазір ол Шахтинск қалалық ауруханасының арнайы палатасына жатқызылды, күзетпен ұсталуда. Жазылғаннан кейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалады», — деп хабарлады департамент.

    Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, жан-жақты тергеу жүріп жатыр.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →