Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Жұмыс берушілерге ірі айыппұл: Сенат маңызды заңды қабылдады

    Қазақстанда Еңбек кодексіне маңызды өзгеріс енгізілді. Енді жұмыс берушілер еңбек шартын басқа келісіммен алмастырса, ірі айыппұл төлейді.

    Жұмыс берушілерге ірі айыппұл: Сенат маңызды заңды қабылдады
    file_701.jpg

    Қазақстанда жұмысшылардың құқығын қорғауға бағытталған жаңа заң қабылданды. Енді еңбек шартының орнына азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт (АҚСШ) жасасқан жұмыс берушілерге ірі көлемде айыппұл салынады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Парламент Сенаты Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерді мақұлдады. Бұл өзгерістер жылдар бойы жалғасып келген олқылықтың орнын толтыруды көздейді. Бұған дейін кейбір компаниялар салықтан және әлеуметтік төлемдерден жалтару үшін қызметкерлермен толыққанды еңбек шартының орнына АҚСШ жасасып келген еді.

    Заң бойынша, егер қызметкер белгілі бір лауазым немесе мамандық бойынша жұмыс атқарса, компанияның ішкі тәртібі мен кестесіне бағынса және нақты нәтиже үшін емес, жұмыс процесі үшін жалақы алса, онда бұл еңбек қатынасы болып саналады. Мұндай жағдайда АҚСШ жасасу – заң бұзушылық болып танылады.

    Жаңа түзетулер қызметкерлерге ақылы еңбек демалысын, бала күтіміне байланысты төлемдерді және басқа да әлеуметтік кепілдіктерді толық алуға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, заңда басқа да маңызды нормалар бар. Атап айтқанда, 14 жасқа дейінгі баласы бар жалғызбасты ата-ананы жұмыстан шығаруға тыйым салынады. Сондай-ақ, өндірістегі жазатайым оқиға кезінде қызметкердің кінәсінің деңгейі 25%-дан аспауы керек.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →