Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Қарағандыдағы қайғылы оқиға: кінәлі кім – жүргізуші ме, әлде ескі бағана ма?

    Қарағандыда әйел адамның үстіне жарық бағанасы құлап, ол ауруханада көз жұмды. Оқиғаға арнайы техника себеп болуы мүмкін дейді.

    Қарағандыдағы қайғылы оқиға: кінәлі кім – жүргізуші ме, әлде ескі бағана ма?
    file_698.jpg

    Қарағандыда әйелдің үстіне жарық бағанасы құлап, зардап шеккен адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қайғылы оқиға қаланың 22-шағын ауданында болған. Басына темір бағана құлаған әйел дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

    Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдайға арнайы техниканың кабельді іліп кетуі себеп болуы мүмкін. Соның салдарынан бағана орнынан қозғалып, жақын жерде кетіп бара жатқан әйелдің үстіне құлаған.

    Алайда арнайы техника жүргізушісінің жұмыс берушісі бұл айыпты мойындамай отыр. Олардың сөзінше, жарық бағанасының өзі апатты жағдайда тұрған.

    Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу оқиғаның нақты себеп-салдарын анықтайды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →