Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті •

    Елімізде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтетін болды

    Елімізде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтетін болды

    Фото: Olympic.kz

    Астана жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өткізу орны болып таңдалды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

    Бұл туралы World Athletics кеңесінің Торунь қаласында өткен отырысында ресми түрде жарияланды.

    Әлем чемпионаты Қазақстан астанасында 2030 жылы 15-17 наурыз аралығында өтеді.

    Сондай-ақ халықаралық федерация басқа да әлем чемпионатының өтетін елдерін атады. Мәселен, 2028 жылы жабық кешендегі әлем чемпионаты Одиша өңірінде өтеді. Ал Қытайдың Хэфэй қаласында 2028 жылы спорттық жүрістен командалық әлем чемпионаты ұйымдастырылады.

    Айта кетейік, 2023 жылы Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өткен еді. Сондай-ақ елорда 2024 және 2025 жылдары World Indoor Tour Gold сериясының кезеңдерін қабылдады.

    Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278430-astanada-zenil-atletikadan-alem-cempionaty-otedi

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →