Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Тоқалды топастар алады»: Сәкен Майғазиевтің жары екінші әйел алу туралы сұраққа жауап берді (ВИДЕО)

    «Тоқалды топастар алады»: Сәкен Майғазиевтің жары екінші әйел алу туралы сұраққа жауап берді (ВИДЕО)

    Танымал әнші Сәкен  Майғазиевтің жары Динара Майғазиева күйеуінің екінші әйел алуға деген көзқарасын ашық айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

    Ол «Сәкен ағаның екінші әйел алуына қалай қарайсыз?» деген сұраққа жауап берді.

    «Жақсы сұрақ. Қуанып қалдым ғой. Ол негізі екі жақтан да емес, пешенесіне байланысты. Үлкен кісілер пешенеге байланысты деп айтып отырады ғой. Алла жазса әйел адам қалай ма қаламай ма бәрібір маңдайына жазылғанын көреді. Ағаң мен алып бермей алмайды ғой», — деді Динара Майғазиева.

    Сондай-ақ ол Сәкен Майғазиевтің желіде көп смайлик қоюының себебін түсіндірді. Айтуынша, ол Сәкеннің еліне деген махаббатын, ниетін, ізгі тілегін білдіреді. Көпшілік оның бұл жауаптарына түрлі пікір білдірді.

    «Осындай әп-әдемі отбасыға осындай сұрақтың өзі ерсі ғой», «Сәкеннің жары да өзі мәдениетті ғой. Жастарға үлгі тұтамын», «Сәкен ақымақ емес. Тоқалды топастар алады. Динарадай әйелі бар. Оның үстіне қатын құмар еркек емес ол», «Күлкінің астына үлкен жан сыры жасырынып тұр ғой», «Күлкісімен осыдан алып көрсін деді ғой», «Ешқандай пешене емес адамның өзіне байланысты. Алла тағала пиғылына береді», «Абайлап сөйлеу керек ау менен ешқайда кетпейді дегендерде кетіп қалдығой», «Күліп тұрып бауыздамай сояды ғой», «Енді осыдан соң пешенеме жазылған екен деп екінші әйел алып кетпесін», — деп жазды оқырмандар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →