Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Ақтөбе» сенсациялық түрде жеңілді: ойын тағдырын бір гол шешті

    Алматылық "Қайрат" "Ақтөбені" 1:0 есебімен жеңді. Ойын тағдырын 76-минутта Дастан Сәтпаев соққан жалғыз гол шешті.

    «Ақтөбе» сенсациялық түрде жеңілді: ойын тағдырын бір гол шешті
    file_667.jpg

    Алматылық «Қайрат» футбол клубы принципиалды қарсыласы «Ақтөбені» минималды есеппен ұтты. Матч тағдырын ойын соңына қарай соғылған жалғыз гол шешті, деп хабарлайды Stan.kz Telegram арнасы.

    Екі команда арасындағы кездесу тартысқа толы болды. Ойынның негізгі уақыты аяқталуға жақындағанда, есеп ашылмаған еді. Алайда матчтың 76-минутында «Қайраттың» ойыншысы Дастан Сәтпаев қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланып, «Ақтөбе» қақпасынан саңылау тапты.

    Бұл – Сәтпаевтың осы маусымдағы алғашқы голы. Осы жеңісінің арқасында алматылық ұжым турнирлік кестедегі жағдайын жақсартып алды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →