Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Мақтана алмаймыз»: Испания королі отарлау саясаты туралы айтты

    Испания королі VI Фелипе отарлау дәуірінде көптеген заңсыздықтар мен озбырлықтар болғанын мойындап, өткеннен сабақ алуға шақырды.

    «Мақтана алмаймыз»: Испания королі отарлау саясаты туралы айтты
    file_664.jpg

    Испания королі VI Фелипе отарлау дәуірінде көптеген озбырлық болғанын мойындап, өткеннен сабақ алу қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Монарх бұл пікірін Мадридте Мексиканың байырғы тұрғын әйелдеріне арналған көрменің ашылу салтанатында айтты. Ол сол тарихи кезеңдегі оқиғаларға мақтанышпен қарауға болмайтынын, бірақ оларды объективті талдау маңызды екенін атап өтті.

    «Сол жылдардағы оқиғаларды мақтанышпен еске алу мүмкін емес, алайда оларды объективті түрде талдаудың маңызы зор», — деді король өз сөзінде.

    Бұл тақырып Испания мен Мексика арасындағы қарым-қатынасты шиеленістіріп тұрған негізгі мәселелердің бірі саналады. Бұған дейін Мехико Мадридтен отарлау саясаты үшін ресми түрде кешірім сұрауды талап еткен болатын.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →