Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    «16 млн теңгесін санап берген» – Астанада зейнеткер алаяқтарға алданып қалған

    Астана қаласында алаяқтар Мекке сапарына ақша жинап, қажылыққа дайындалып жүрген зейнеткер әйелді алдап, 16 млн теңгесін алған, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Polisia.kz-тің хабарлауынша, қарт кісіге түннің бір уағында белгісіз біреулер телефонға қоңырау шалып, қызының апатқа ұшырағанын, қазір ол полиция бөлімінде отырғанын, оны босату шешу үшін тезірек ақша жіберу керектігін айтқан. Содан кейін телефонның арғы жағындағы бір ер адам өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерге қазір әріптесі келіп, қолма-қол ақшаны алып кететінін айтқан. Зейнеткердің осы проблеманы шешу үшін қанша ақша керек деген сұрағына олар қанша бар, соны беріңіз деп жауап берген.

    Қарт кісі ештеңе түсінбей, қызымның бас амандығы бірінші кезекте деген оймен ақшаны үйіне келген адамға санап берген. Бұл ақшаны зейнеткер Меккеге қажылық сапарға жинап жүрген еді. Оның жинаған ақшасы 16 млн теңге болған.

    Осыдан кейін 69 жастағы әйел алаяқтарға алданып қалғанын түсінген. Содан кейін барып, полицияға хабарласқан.

    Зейнет жасындағы әйелден ақша әкеткен адам 26 жастағы жігіт болып шықты. Күдікті «курьер» қызметі үшін жалпы соманың 10 пайызын алатын болған екен. Бірақ ол ісі іске аспады. Алаяқтардың бәрі ұсталды. Қазір тергеу болып жатыр.

    Жақында Астанада осы сияқты тағы бір оқиға болған. Бұл жолы алаяқтар 54 жастағы әйелден 2 млн 650 мың теңгені алдап алған. Олар да көп ұзамай ұсталып, қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →