Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Жүргізушілер назарына: жол камералары енді бұл ереже бұзуды да тіркейді

    Қазақстанда 12 наурыздан бастап жол камералары жаңа ереже бұзушылықтарды тіркей бастады. Енді телефон қолдану мен белдік тақпау да айыппұлға себеп.

    Жүргізушілер назарына: жол камералары енді бұл ереже бұзуды да тіркейді
    file_631.jpg

    Бүгіннен бастап Қазақстан жолдарындағы камералар жүргізушілердің жаңа ереже бұзушылықтарын тіркей бастады. Енді рөлде телефонмен сөйлесу мен қауіпсіздік белдігін тақпау да автоматты түрде хаттамаға түседі, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл жаңашылдық 12 наурызда күшіне енген Цифрлық кодекс аясында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабына енгізілген өзгерістерге байланысты іске асып отыр. Осылайша жол ережесін бұзуды автоматты түрде тіркеу тәртібі кеңейтілді.

    «Бұл нормалар қосымша тыйым салмайды және жүргізушілер үшін талаптарды қатаңдатпайды. Заң бұрынғыдай, тек ереже бұзуды тіркеу тәсілі өзгерді. Мақсат – заманауи технологиялар арқылы жолдардағы тәртіпті арттырып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деп түсіндірді Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шұмаев.

    Бұған дейін автоматты жүйелер ереже бұзудың алты түрін тіркейтін: жылдамдықты асыру, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту, жол белгілері мен таңбаларын сақтамау, көлікті дұрыс тоқтатпау, басып озу ережесін бұзу және жаяу жүргіншілерге жол бермеу.

    Енді камералар рөлде телефон қолданғанын және қауіпсіздік белдігін тақпағанын анықтай алады. Сондай-ақ, жүйе мемлекеттік дерекқорлармен интеграция арқылы көліктің техникалық байқаудан өтпегенін, сақтандыру полисінің жоқтығын және басқа да заң бұзушылықтарды тіркейтін болады. Заң бойынша ескерту жасау қарастырылған жағдайларда, жүйе оны автоматты түрде рәсімдей алады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →