Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Футболшы Димаш Қашкен тағы да сынның астында қалды

    Футболшы Димаш Қашкен тағы да сынның астында қалды

    Фото:Stan.kz collage

    8 наурыз күні Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы ойындарының бірінде “Астана” өз алаңында “Жетісу” командасын қабылдады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Матч барысында “Жетісу” командасының қорғаушысы Дінмұхамед Қашкен дөрекі ойынымен көзге түсті. Осыдан кейін футболшы жанкүйерлер тарапынан сынға ұшырады.

    “Бұл ойыншыны ұлттық құрамаға қалай шақырып жүр? Шынымды айтсам, бұл ойыншыны тіпті Әуесқой лигаға шақырса да ұят сияқты. Абырой барда өзі-ақ қойса дұрыс болар еді”, “Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талдаңда”, “Масқара, 17 жастағы футболшыға соншалықты дөрекі қылық көрсеткені нес”, “Байдың баласы, тиіспеңдер, жүре берсін”, “Еуропада болса, бірден қызыл қағаз алып тұр ғой”, – деген сын пікірлер әлеуметтік желіде толассыз жазылып жатыр.

    Айта кетейік, Дінмұхамед Қашкенге қатысты мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Ол бұған дейін де бірнеше рет жанкүйерлер тарапынан сынға қалған.

    Өткен жылы ол “Қайрат” командасымен өткен матчта да оның ойыны көптің көңілінен шықпаған еді. Сондай-ақ ол Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған кезде де сынға ұшыраған.

    Айта кетейік, футболшы 2023 жылы танымал блогер Мерей Абиловаға үйленгеннен кейін кеңінен таныла бастады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →