Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Қаралы хабар: Футболдан Қазақстан құрамасының экс-бапкері өмірден өтті

    Қаралы хабар: Футболдан Қазақстан құрамасының экс-бапкері өмірден өтті

    Фото: sport.akipress.org

    Қырғызстандық белгілі футбол маманы Борис Подкорытов 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ол Қазақстан мен Қырғызстан футболының дамуына сүбелі үлес қосып, клубтық деңгейде де, ұлттық құрамалар сапында да жемісті еңбек етті.

    Борис Подкорытов 1993 жылы талдықорғандық «Қайнар» клубының тізгінін ұстады. Оның жетекшілігімен команда Қазақстан чемпионатының Жоғары лигасына жолдама алды. Келесі маусымда талдықорғандық ұжым ел біріншілігінің элиталық дивизионында алтыншы орын иеленіп, лайықты нәтиже көрсетті.

    Кейін маман «Астана» клубында жұмыс істеді. Сонымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабына шақырылып, Құрбан Бердыевпен бірге Серік Бердалиннің көмекшісі қызметін атқарды.

    2005 жылы Подкорытов қайтадан Қазақстан чемпионатына оралып, «Жетісу» клубының бас бапкері атанды. Алайда денсаулығына байланысты оның талдықорғандық командадағы қызметі ұзаққа созылған жоқ.

    Осыдан соң еңбек жолын туған елінде жалғастырды. «Дордой-Динамо» клубын жаттықтырып, 2006 жылы Қырғызстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. 2008 жылы «Дордой» клубының бас директоры болып жұмыс істеді. 2011 жылы ұлттық құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі болды.

    Борис Подкорытов Қырғызстанда бірнеше рет «Жыл бапкері» атанып, аймақтағы ең табысты мамандардың бірі ретінде танылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →