Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    «Адам факторы емес»: Министр құлаған Су-30СМ жойғышы туралы айтты

    Қорғаныс министрі Қарағанды облысында құлаған Су-30СМ жойғыш ұшағы апатының алдын ала себебін атады. Оның айтуынша, бұл ұшқыш қателігі емес.

    «Адам факторы емес»: Министр құлаған Су-30СМ жойғышы туралы айтты
    file_591.jpg

    Қарағанды облысында құлаған Су-30СМ жойғыш ұшағына қатысты Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Министрдің сөзінше, апатқа ұшқыштардың қателігі себеп болмаған. Ол ұшақтың жап-жаңа болғанын, небәрі 230 сағат ұшқанын атап өтті. Ресейде жасалған жойғыш Қазақстан әскерінің қаруына 2022 жылы ғана алынған.

    «Ең бастысы, ұшқыштар аман. Олар катапульта жасап үлгерді. Қазір олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», — деді ведомство басшысы.

    Апат 25 ақпан күні Қазақстан мен Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы кезінде болған. Ұшақ жоспарлы ұшу тапсырмасын орындап жатқан.

    Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Тергеу нәтижелері кейінірек жарияланады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →