Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Тоқаев сынаған «ерігіп отырғандар»: «Самұрық-Қазына» 650 адамды жұмыстан шығарады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Қазына» қоры Астанадағы 650 әкімшілік қызметкерін жұмыстан шығаратынын мәлімдеді.

    Тоқаев сынаған «ерігіп отырғандар»: «Самұрық-Қазына» 650 адамды жұмыстан шығарады
    file_589.jpg

    «Самұрық-Қазына» қоры Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін Астанадағы қызметкерлерінің 10 пайызын, яғни 650-ге жуық адамды қысқартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, қысқартуға тек әкімшілік-басқару персоналы ілінеді, ал өндірістегі жұмысшыларға еш әсер етпейді. Қазір қордың елордадағы кеңсесінде 6,5 мыңға жуық адам еңбек етеді.

    Жақыпов жұмыстан босатылатын қызметкерлерді анықтау олардың жұмыс тиімділігі мен көрсеткіштерін бағалау негізінде жүргізілетінін атап өтті.

    Еске сала кетейік, 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қордағы кейбір қызметкерлердің жұмыссыз ерігіп отырғанын айтқан болатын. Президент ұлттық компаниялардың құрылымын қайта қарау керегін ескертіп, басқару аппаратының тым үлкен екенін және «сол жағалаудағы» қызметкерлерді сынға алған еді.

    «Қорда іштері пысып, ерігіп отырған қызметкерлер бар», — деген еді сол кезде Тоқаев.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →