Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Жаркент мешіті ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне енгізілді

    Жаркент мешіті ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне енгізілді

    Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өткен бесінші отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Жаркент мешіті және Вознесенск шіркеуі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне енгізілді (Tentative List). Бұл туралы «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин хабарлады.

    — Жаркент мешіті ХІХ ғасыр соңындағы діни сәулет өнерінің бірегей ескерткіші саналады. Сонымен қатар, оны ислам сәулет дәстүрі мен Шығыс Азия құрылыс өнері синтезінің жарқын мысалы деуге болады.
    Инженерлік және көркемдік әдіс-тәсілдерімен танымал болған Вознесенск шіркеуі – ХХ ғасырдың басындағы православ ағаш сәулет өнерінің озық үлгісі.
    Бұл нысандардың тізімге бірге ұсынылуы Қазақстанда мәдени әралуандықтың бар екенін аңғартады. Сондай-ақ, Орталық Азия аймағында ислам және христиан дәстүрлерінің үйлесімді түрде қатар дамығанын, бір-біріне ықпал етудің тарихи тәжірибесі қалыптасқанын көрсетеді. Мешіт пен шіркеудің алдын ала тізімге енгізілуі – Қазақстанның мәдени мұраларын сақтау және оларды дәріптеу ісінің маңызды кезеңі. Бұл қадам ЮНЕСКО-ның рәсімдері мен талаптарына сәйкес номинация құжаттарын әзірлеуге негіз болады, — деп жазды Ерлан Қарин өзінің «Facebook» парақшасында.

    Еске салайық, Жаркент мешіті – XIX ғасырдағы сәулет ескерткіші. Мешіт 1895 жылы қытайлық сәулетші Хон Пикенің жобасы бойынша салынған. 1982 жылдан бері республикалық маңызы бар тарихи және сәулет ескерткіші ретінде мемлекет қорғауына алынған. Ғимарат Орта Азияның сәулет үлгісінде тұрғызылғанымен, будда ғибадатханасының элементтері де қолданылған. Бағандар мен басқа да ағаш бөлшектерін құрастыру кезінде шеге пайдаланылмаған. «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейі Жетісу облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласында орналасқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →