Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстанда тағы бір футбол клубы саудаға шығарылды

    Қазақстанда тағы бір футбол клубы саудаға шығарылды

    Фото: kff.kz
    Түркістан облысының Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы «Тұран» футбол клубын электронды саудаға шығарды. Сауда туралы ақпарат e-Qazyna веб-порталында жарияланған. Лот сипаттамасына сәйкес, «Тұран» кәсіби футбол клубы» мемлекеттік мекемесінде 14 қызметкер жұмыс істейді. Баланстық құны — 535 мың теңге. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Саудаға қатысу үшін 158 мың теңге көлемінде кепілдік жарна енгізу қажет. Электронды сауда-саттық биылғы 3 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 09:55–те басталады.

    Нысанның бастапқы бағасы — 1 054 000 теңге. Қойылып отырған шартқа сәйкес, сатып алушы 10 жыл ішінде:

    — клубтың қызмет бағытын сақтауға;
    — штат санын қысқартпауға;
    — инвестиция салуға;
    — жасөспірімдер футбол академиясын құрып, футболды дамытуға;
    — әйелдер футбол командасын дайындауға;
    — материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етуге, соның ішінде соңғы жергілікті ірі стадиондармен келісімшарттарды бекітуге;
    — 2027 жылдан бастап тұрақты түрде Қазақстан Премьер-лигасына қатысуға;
    — спорт саласында кемінде 5 жылдық тәжірибесінің болуы;
    — клубты сенімгерлік басқаруға бермеуге және иеліктен шығармауға міндеттенеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →