Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    «Сіздерді батпаққа батырамыз»: Ресейлік сарапшы Қазақстанға неге сес көрсетті?

    Саясаттанушы Ғазиз Әбішев ресейлік сарапшы Дмитрий Верхотуровтың Қазақстанға бағытталған қоқан-лоққы риторикасына қатаң жауап берді.

    «Сіздерді батпаққа батырамыз»: Ресейлік сарапшы Қазақстанға неге сес көрсетті?

    Саясаттанушы Ғазиз Әбішев ресейлік сарапшы Дмитрий Верхотуровтың Қазақстанға бағытталған қоқан-лоққысына қатысты пікір білдірді. Верхотуров «Ашаршылық» тақырыбын қозғау Қазақстанның мемлекеттілігіне қауіп төндіреді деп санайды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Ресейлік сарапшының пікірінше, орыстар үшін «өз адамы» саналатын украиндардың өзі Ресейді соққыға жығуға дейін жеткізген. Дәл осындай жағдайға «қарсыласуға күші жоқ» қазақтар да жеткізуі мүмкін, бірақ оларды «одан да қатыгез әрі ынтамен ұратын болады».

    Ғазиз Әбішев бұл пікірге қатаң жауап берді. Оның айтуынша, «Ашаршылық» – тек қазақтардың емес, Ресейдің өз проблемасы. Большевиктер билігінің кесірінен миллиондаған қазақ пен украин ғана емес, миллиондаған орыстың өзі аштықтан қырылды. Саясаттанушы «партия билеті бар қарақшылардың құрбандарын бірге еске алып, аза тұтуға не кедергі?» деген сұрақ қояды.

    Сонымен қатар, Әбішев Қазақстанның «украиншылдануы» туралы тезисті де жоққа шығарды. Қазақстан НАТО-ға ұмтылып отырған жоқ, керісінше, Ресеймен бірге ҰҚШҰ мен ЕАЭО-ға мүше. Бірыңғай әуе қорғанысы жүйесі, әскери полигондар, Байқоңыр – осының бәрі одақтастықты көрсетеді. Бірақ ресейлік сарапшылар мұнда да дабыл қағып, жанжалға себеп іздеп отырғандай.

    «Верхотуровтың логикасы бойынша, украиндар – орыстар үшін өз адамы, ал қазақтар – бөтен. Оларды ештеңеге қарамастан соққыға жығуға болады. Бұл – жасыруға келмейтін нәсілшілдік. Яғни, «өз дініміздегілерді жай ғана шапалақпен ұрсақ, сіздерді, басурмандарды, естеріңнен таңбайтындай етіп батпаққа батырамыз» дегенге саяды», – деп атап өтті Әбішев.

    Саясаттанушының пікірінше, Верхотуров сияқты «соғыс жаршылары» жеке амбициялары үшін қоғамдық пікірді көршілермен текетіреске бұруға тырысады. Ол мұны ешқандай жақсылыққа апармайтын жауапсыз үгіт-насихат деп бағалады.

    Әбішев Қазақстан халқының біртұтас ұлт ретінде қалыптасқанын да еске салды. Тіпті Қазақстандағы орыс ұлтының өкілі әлемге көзқарасы мен құндылықтары бойынша ресейлік орыстан айтарлықтай ерекшеленеді. Қазақстандағы орыс тіліне қазақ тілінің әсері артып, сөйлеу мәнері мен айтылуы өзгеріп жатыр.

    Саясаттанушы мұндай арандатушылық мәлімдемені назардан тыс қалдыруға болмайтынын айтады. Ол Ресей тарапының, жауапты саясаткерлердің Верхотуровтың сөзіне қандай баға беретінін күтетінін жеткізді. Яғни, бұл оның жеке пікірі ме, әлде ресейлік элитаның қолдауына ие ме – осыны анықтау маңызды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →