Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Еліміздегі мемлекеттік балабақшалар толықтай қазақ тіліне көшіріледі

    Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елдегі барлық мемлекеттік балабақшаларды мемлекеттік тілге ауыстыру мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

    Министрдің сөзінше, елімізде бүгінде 11 мыңнан астам балабақша бар. Оның тең жартысы мемлекеттік. Осы орайда сол балабақшаларды түгел дерлік мемлекеттік тілге көшіру көзделіп отыр.

     

    “Динамика бойынша қазақ тіліндегі балабақшалардың қажеттілігі, сұранысы бар. Оны біз көріп отырмыз. Сондықтан бүкіл мемлекеттік балабақшаларды мемлекеттік тілде жүргізу мәселесін толыққанды іске асыруға болады деп есептейміз. Қазір бұл бойынша мектепке дейінгі білім департаменті айналысып жатыр. Яғни қанша балабақша қай тілде дәріс беретіні және осы тапсырманы қалай орындауға болатыны турасында жұмыстар пысықталып жатыр. Мемлекеттік тілде дәріс беретін балабақша ұйымдастыру ешқандай қиындық тудырмайды деп ойлаймын”, — дейді Ғани Бейсембаев Үкімет кулуарында.

     

    Айта кетейік, бұдан бұрын СҚО-да орыс мектептерінің саны қазақ мектептерінен 2 есе көп екені хабарланған.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →