Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Таразда жаяу жүргіншілерге жол жоқ: Әкімдік бір бағдаршамды қимай отыр ма? (ВИДЕО)

    Таразда жаяу жүргіншілерге жол жоқ: Әкімдік бір бағдаршамды қимай отыр ма? (ВИДЕО)
    Коллаж: Sn.kz

    Тараз қаласында Қойшыбеков пен Жақан Сабалақов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үлкен мәселеге айналған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Тұрғындардың айтуынша, көлік жүргізушілері жаяу жүргінші белгісін елемейді. Жолдан өтпек болған адамдарды өткізбей, тіпті айқай шығаратын жағдайлар кездеседі. Жуырда ерлі-зайыпты жолдан өтіп бара жатқанда жүргізуші «мұнда белгі жоқ» деп дау көтерген. Ал бұл арада балалар күн сайын өмірін қатерге тігіп, көшені кесіп өтеді. Тұрғындар қала әкімінен аталған тұсқа жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам орнатуды сұрайды.

    Себебі мәселе бір күндік емес, бірнеше рет көтерілгеніне қарамастан нақты шешім жоқ. Көлік легі тығыз, ал қауіпсіздік шарасы мардымсыз. Машиналар балаларды да, ересектерді де өткізбейді. Қала билігі жолдағы қарапайым қауіпсіздік мәселесін реттей алмаса, тұрғындардың жанайқайына кім жауап береді?

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →