Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды •

    Тоқаев Трамптың бастамасын қолдады: «Бұл бұрын-соңды болмаған бетбұрыс»

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінде сөз сөйлеп, Дональд Трамптың бастамасын жоғары бағалады. Ол бұл жиынды тарихи деп атады.

    Тоқаев Трамптың бастамасын қолдады: «Бұл бұрын-соңды болмаған бетбұрыс»
    file_527.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйлеп, АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасын жоғары бағалады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мемлекет басшысы бұл жиын жай ғана қарар қабылдайтын конференция емес, нақты іс-әрекеттер арқылы ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Ол осы тарихи іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Дональд Трампқа алғысын білдірді.

    «Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында өтіп жатқан кездесуіміз батыл әрі прагматикалық әрекеттер шешуші рөл атқаратын кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Президент мырза, Сіздің жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуді көздейтін айқын мұратыңыз бен көреген қадамдарыңыз еліміздің Бейбітшілік кеңесіне қосылуына түрткі болды», – деді Президент.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесін көпжақты күш-жігердің әлеуетін арттыратын, заман талабына сай бірегей ұйым деп санайтынын жеткізді.

    «Әлемде мұндай бастама көтерілген жоқ. Расында, бұл бұрын-соңды болмаған бетбұрыс. Өйткені бірге күш-жігер жұмылдырудың арқасында «Жасампаздық арқылы бейбітшілік» атты жаңашыл тұжырымдаманы іске асыруға барлық мүмкіндік бар. Сондықтан, Президент мырза, Сіздің нақты іс-әрекет қана бейбітшілікке берік негіз қалайды деген ұстанымыңызды толық құптаймын», – деді Мемлекет басшысы.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →