Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Жапаров Қазақстандағы өзгерістерді қолдады: маңызды мәлімдеме жасады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров телефонмен сөйлесті. Қырғызстан президенті Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдайтынын айтты.

    Жапаров Қазақстандағы өзгерістерді қолдады: маңызды мәлімдеме жасады
    file_508.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, оның барысында қырғыз лидері Қазақстандағы ауқымды өзгерістерге қолдау білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Ақорданың ресми хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесіне елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның мән-маңызын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл жаңғыртулар мемлекеттің орнықты дамуына негіз қалайды.

    «Қырғызстан Президенті Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді», — делінген ресми хабарламада.

    Сонымен қатар екі ел көшбасшылары қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң қарқынын атап өтті. Тараптардың пікірінше, тұрақты саяси диалог пен үкіметтер арасындағы белсенді ықпалдастық сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың дамуына септігін тигізіп отыр.

    Сондай-ақ Қазақстан Президенті Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары сияқты маңызды халықаралық іс-шаралардың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

    Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың ел бірлігін сақтап, қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған саясатын толық қуаттайтынын жеткізді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →