Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Қазақстанда ет бағасы арзан: «Бәйтерек» басшысы ет бағасын айтты

    Қазақстанда ет бағасы арзан: «Бәйтерек» басшысы ет бағасын айтты

    Фото: baiterek.gov.kz

    «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Қазақстандағы ет бағасына қатысты қоғамда қызу талқыланып жүрген пікірлерге жауап берді. Оның айтуынша, ел ішіндегі баға туралы айтылған сынның бәрі бірдей шынайы жағдайды көрсете бермейді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Спикердің мәліметінше, бүгінгі күні Қазақстанда ет бағасы әлемдік нарықпен салыстырғанда айтарлықтай төмен деңгейде қалып отыр. Тіпті жаһандық салыстыру жасағанда, ең арзан ет Африка құрлығында тіркелсе, Қазақстандағы баға одан да төмен көрсеткішке жақын екені айтылды.

    Ол азық-түлік қауіпсіздігі мемлекет үшін стратегиялық бағыт екенін ерекше атап өтті. Сондықтан аграрлық-азық-түлік секторын қолдау, оның ішінде ет өндірісін дамыту – басты басымдықтардың бірі болып қала бермек. Сонымен қатар, мұндай төмен баға жағдайында салаға енгізілген технологиялардың өзін-өзі ақтауы қиын екенін де жасырмады. Сол себепті мемлекет тарапынан субсидиялар мен қаржылық қолдау тетіктері қарастырылған.

    Холдинг басшысы қазіргі таңда агроөнеркәсіп кешеніне бөлінетін барлық субсидиялар қайта зерделеніп жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек, екінші деңгейлі банктер арқылы аграрлық-азық-түлік бағытындағы инвестициялық жобаларға 7 миллиард теңгеге дейін қаржы қарастырылып отырғанын мәлімдеді.

    Осылайша, ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстанда ет бағасы қымбат емес, керісінше әлемдік нарықпен салыстырғанда қолжетімді деңгейде сақталады екен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →