Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    «Зорлық-зомбылық, бопсалау, офицерлер мен тәрбиешілердің қысымы» — Семейдегі әскери мектепте не болып жатыр?

    Құқық қорғаушы және НеМолчиKZ қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі Семейдегі Жас Ұлан әскери мектебінің қабырғасында болып жатқан келеңсіздіктер туралы айтып берді, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

    Ол әскери мектепте түсірілген видеоны  жариялады. Кадрлардан кіші курсанттарды ұрып-соққанын көруге болады. Жасы үлкен офицер курсанттардың бірін шапалақпен тартып жіберсе, екіншісін әскери белбеубен ұрған.

     

    «Бізге жазғандай, мектеп бастығы мен офицерлердің облыста «крышасы» бар, шұғыл түрде Астанадан комиссия жіберіп, тексеру жүргізу қажет! Ел президентінің офицерлердің қалай дайындалып жатқанына назар аударуды сұраймыз! Бұдан кейін біз әскердегі суицидтерге қалай таңғаламыз», – деп жазды Дина Таңсәрі.

     

    Үндеу авторлары әскери мектептегі тәртіпсіздіктерді тоқтатуға шақырды.

     

    «Зорлық-зомбылық, бопсалау, офицерлер мен тәрбиешілердің қысымы. Бұл жүйе, оны барлық бастықтарды жұмыстан қуғанға дейін жою мүмкін емес. Кейбір офицерлер ақша бопсалағаны үшін жұмыстан шығарылды, бірақ көбі орнында қалды. Видеода көрсетілгендер – таза шындық», — дейді авторлар.

     

    Қорғаныс министрлігі әзірге пікір білдірген жоқ.

    Айта кетейік, Қазақстан армиясында 4 жыл ішінде 90-ға жуық суицид жасалған.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →