Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Burger King-тегі дау: бір басшы уақытша жұмыстан шеттетілді

    Burger King Kazakhstan желісіндегі дау: аутизм спектрінің бұзылысы бар қызметкерді жұмыстан кетуге мәжбүрлегені үшін компания сынға қалды.

    Burger King-тегі дау: бір басшы уақытша жұмыстан шеттетілді
    file_498.jpg

    Burger King Kazakhstan желісі аутизм спектрінің бұзылысы бар қызметкеріне қатысты даудың ортасында қалды. Компанияда төрт жыл аспаз болып істеген Әлібек Қаратайды жұмыстан кетуге мәжбүрлегені туралы анасы әлеуметтік желіде жазғаннан кейін, іске Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі араласты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Әлібектің анасының айтуынша, ұлы осы мейрамханада төрт жылға жуық уақыт жұмыс істеген. Алайда соңғы кездері оған қысым көрсетіліп, «қудалау» басталған. Ақыры Әлібекті өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуға мәжбүрлеген.

    Бұл жазба қоғамда үлкен резонанс тудырған соң, Еңбек министрлігі жағдайды өз бақылауына алғанын мәлімдеді. Алматы қаласының мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратайдың үйіне барып, оның әкесіне еңбек заңнамасында көзделген кепілдіктер мен шағымды қалай дұрыс беру керегін түсіндірген.

    «Жұмыс берушіден («QSR» ЖШС, Burger King) алынған ақпаратқа сәйкес, ұйымда қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Тексеріс кезеңінде басшылардың бірін уақытша қызметінен шеттету туралы шешім қабылданды», – деп хабарлады Еңбек министрлігі.

    Ал компания басшылығы жігіттің жұмыстан шығарылмағанын айтады. Олар Әлібекке жағдайды реттеудің бірнеше жолын, соның ішінде басқа мейрамханаға ауысуды ұсынған. Сондай-ақ, компания қызметкердің өзімен және оның отбасымен диалогқа дайын екенін жеткізді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →